"АПК-Инвест" Корпорациясы" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP04Y05D984 (KZ2P00001787, APKIb7) облигациялары бойынша үшінші купонын төлегені туралы хабарлады

17.01.14 17:28
/KASE, 17.01.14/ – "АПК-Инвест" Корпорациясы" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2014 жылдың 17 қаңтарында өзінің KZP04Y05D984 (KZ2P00001787, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, APKIb7) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 179 746 500,00 теңгені құрады. [2014-01-17]