"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Самұрық-Энерго" АҚ жеке акцияларын сатып алу бойынша мәміле аяқталғаны туралы хабарлады

10.01.14 17:59
/KASE, 13.01.2014/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) ресми хатпен хабарлама ұсынды: "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (бұдан әрі –"АЖК" АҚ) жалғыз акционері "Самұрық-Энерго" АҚ жалпы сомасы 4 584 499 400 теңгеге 8 816 345 (сегіз миллион сегіз жүз он алты мың үш жүз қырық бес) дана жеке акцияларын сатып алғаны туралы хабарлады. Жеке акцияларына төлемдер "АЖК" АҚ – "Алматы электр станциялары" АҚ жалпы сомасы 4 584 499 100 (төрт миллион бес жүз сексен төрт мың төрт жүз тоқсан тоғыз мың бір жүз) теңгеге 445 097 (төрт жүз қырық бес мың тоқсан жеті) дана активтерін (акцияларын) алып алу арқылы өтелді". Негіздеме – "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің сырттай дауыс беру шешімінің 2012 жылдың 25 желтоқсанындағы №9 хаттамасы. [2014-01-13]