"КазТрансГаз Аймақ" АҚ KZP01Y05E590 (KZ2C00002483, KTGAb1) облигациялары биржада "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 27 желтоқсаннан бастап KASE ресми тізіміне енгізілді

27.12.13 17:42
/KASE, 27.12.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 26 желтоқсанындағы шешімімен "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана) KZP01Y05E590 (KZ2C00002483; 1 000 теңге, 12 409 636,0 мың теңге; 27.12.13 – 27.12.18, жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының аталмыш шешімі 2013 жылдың 27 желтоқсанынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енеді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың андеррайтері "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылары "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда коды) KTGAb1 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ktga мекен-жайында жарияланады. [2013-12-27]