2013 жылдың 27 желтоқсанынан бастап EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдігі) GB00B29BCK10 (GB_ENRC) жай акциялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

26.12.13 18:18
/KASE, 26.12.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 27 желтоқсанынан бастап EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдігі) GB00B29BCK10 (GB_ENRC) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. KASE 2013 жылдың 20 желтоқсанындағы қорытындысында Биржа EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC төмендегі құжаттарды алғаны анықталды: - 2013 жылдың 18 желтоқсанындағы аталмыш акциялардың ерікті түрде делистингіленуі туралы өтініші; - EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC акционерлердің 2013 жылдың 18 желтоқсанындағы жалпы жиналыс хаттамасынын үзінді, онда аталмыш акцияларды ерікті түрде делистінгілеуі туралы шешім қабылдаған. KASE ресми тізімінен аталмыш акцияларды шығару туралы шешімі үшін жалпы EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC 99,14 % дауыс беруші акцияларына ие акционерлер дауыс берді. Жоғарыда айтылған негізінде және биржаның "Листингілік ережелерінің" 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш акциялар делистингілеуге жатты. Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне 2008 жылдың 03 сәуірінен бастап "A" санаты бойынша енгізілді, 2011 жылдың 21 желтоқсанынна бастап бірінші санатқа ауыстырылды, 2013 жылдың 29 қарашасынан бастап – KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылды. Сауда-саттық 2008 жылдың 07 сәуірінен бастап ашылды. Аталмыш акциялар биржада айналым уақытында олармен ашық сауда- саттық әдісі арқылы жасалған мәмілелер құны бір акцияға 350,01 теңгеден 3 750,00 теңгеге дейін құбылды. [2013-12-26]