ҚҰБ ҚҚК "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, AGKKb3) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

23.12.13 16:52
/KASE, 23.12.13/ – Акциялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 08 қарашасындағы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалуы бар борыштық бағалы қағаздар", AGKKb3; 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 05.12.12 – 05.12.15; жартыжылдық купон, жылдық 7,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК 2013 жылдың 05 шілдесіндегі хабарламасы бойынша 621 335 аталмыш облигациялар орналастырылды. Аталмыш облигацияларды орналастыру туралы есеп KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_razmb3_081113.pdf мекен-жайында орналасқан. [2013-12-23]