05 және 06 желтоқсан күні "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Қазақстан) Қазақстан қор биржасында өзінің 7,0 млн KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, HCBNb1) облигацияларын орналастырғаны туралы хабарлады

11.12.13 17:27
/KASE, 11.12.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Алматы) бүгін биржаға баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Банк Хоум Кредит" АҚ ЕБ меншікті теңгелік облигацияларын алғашқы рет орналастырудың нәтижелерін жариялады - KZP01Y03E546, сауда коды HCBNb1, купон – жылына 8,5%, өтелу күні - 05.11.2016 ж. 2013 жылдың 5 және 6 желтоқсанда Қазақстандық қор биржасында (KASE) Банк облигацияларын орналастыру бойынша арнайы сауда-саттық жүргізілді. Сауда-саттық барысында жиынтықты номиналды көлемі 7 млрд. теңге болатын облигацияларды орналастыру жоспарланды. Аяқталған екі аукционның нәтижелері бойынша өтінімдердің жалпы кітабы 7,7 млрд. теңгені құрайды, және Банктің шешімі бойынша облигациялар өтеуге деген тиімділігі жылына 9,5% болатын табыстылықпен барлық берілген өтінімдер көлеміне орналастырылды. Банктің Басқарма Төрағасы Владимир Гасяк сауда-саттық аяқталған бетте: Хоум Кредит Банкінің бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде облигацияларды алғаш орналастырудың нәтижелері бойынша сұраныс ұсыныстан әлде қайда жоғары болды, ал жалпы көлемі 7,7млрд. теңгеге жетті, бұл инвестолардың біздің банкке деген жоғары сенімділігін білдіреді», – деді. "Банк Хоум Кредит" АҚ ЕБ – тұрақты, қарқынды дамып келе жатқан бөлшек сауда банкі, халықаралық "Home Credit" Тобының бір бөлігі болып келеді. Аталмыш топ әлемнің 10 елінде жұмыс істеп келе жатыр, соның ішінде Еуропа, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Акционерлік капиталының 100% "Хоум Кредит энд Финанс Банк" ЖШҚ-ның (Ресей) иелігінде. «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ қызметінің негізгі түрлері – несие беру және депозиттерді ашу. 2013 жылы сәуір айында халықаралық «Fitch Ratings» рейтингтік агенттігі Банкке ұзақ мерзімді «BB-» несиелік рейтингті берді, болжамы "тұрақты". Бүгін Банк Қазақстан Республикасының барлық аумағында өкіл етілген. Банк бөлімшелерінің саны соңғы 6 ай ішінде 2,5 мәрте өсті. Осыған орай клиенттердің Банкке деген сенімділігі де артып келеді - 2013 жылдың басынан бері клиенттер саны шамамен 30%-ға, ал ағымдағы шоттарда орналасқан қаражат көлемі 79%-ға өсті. Банктің қаржы кеңесшісі – "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы" АҚ (Алматы), KASE қаржы нарығының мүшесі. цитата соңы [2013-12-11]