"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзіне қатысты әкімшілікті шара қолданылғаны туралы хабарлады

15.11.13 15:39
/KASE, 15.11.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ерсми хатында былай деп мәлімдеді: 24.10.2013 жылы Алматы қ. Арнайы мамандандырылған сотында ҚР ҰБ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен қозғалған, ӘТБ ҚРК 191 б. бойынша "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қатысты №3-29695/13 әкімшіліктік іс қаралды. Алматы қ. Арнайы мамандандырылған сотының 24.10.2013 жылғы қаулысына сәйкес, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ӘТБ ҚРК 191 б. бойыншакінәлі деп мойындалып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілікті шара қолданылды. [2013-11-15]