"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес Банкінің KZP01Y03E546 (KZ2C00002442, HCBNb1) облигациялары биржада "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.10.13 17:31
/KASE, 31.10.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 26 қыркүйегіндегі шешімімен "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес Банкі (Алматы) KZP01Y03E546 (KZ2C00002442; 1 000 теңге, 7,0 млрд теңге; 3 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 8,50 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы жіне қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2013 жылғы 01 қазанындағы жалпы сомасы 10,0 млрд теңгеге тіркеген, биржада листинг процедурасынан өткен "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес Банкі аталған эмитенттің бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы бірінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылары "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда коды) HCBNb1 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-10-31]