"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) 25 қазанда дейін өзінің KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2) және KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, AGKKb3) облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастыру туралы хабарлады

25.10.13 15:01
/KASE, 25.10.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (одан әрі – Банк) 2013 жылдың 25 қазанында биржада банктің KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 29.06.11 – 29.06.14; жартыжылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360) және KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 05.12.12 – 05.12.15; жартыжылдық купон, жылдық 7,00; 30/360) екі шығарылымын алғаш орналастыруы туралы хабарлайды. Орналастыру "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ бағалы қағаздарын есепке алу үшін Эмитенттің қосымша шотынан, бағалы қағаздар бойынша негізгі сессия аясында орындалады. KZP01Y03D951 облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде 2013 жылдың 18 наурызында жалпы сомасы 6,0 млрд теңгеге тіркелген, Эмитенттің бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы бірінші шығыралымы, ал KZP02Y03D959 екінші шығарылымы болып табылады. [2013-10-25]