"ШалкияЦинк ЛТД" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанындағы үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.10.13 17:31
/KASE, 15.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (KZ1C59400016, KZ1C00000967 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 417 610 000 дана; - компанияның барлық акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз акционері, сәйкесінше жалғыз тұлға " SHALKIYAZINC N.V. (Амстердам, Нидерланд Корольдігі) болып табылады. [2013-10-24]