/ҚАЙТАЛАУ/ АНОНС: 17 қазанда "Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) банктің еурооблигацияларын орналастыру мүмкіндігі аясында Қазақстандағы әлеуетті инвесторлармен кездесу өткізіледі

17.10.13 09:35
/KASE, 17.10.13 - 12.10.13 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі АҚ (Алматы) бүгін биржаға ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы "АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ, БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІ, КАНАДА, АВСТРАЛИЯ НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯ АУМАҒЫНДА ТУРА ЖӘНЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ АШЫҚ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ "Kaspi Bank" акционерлік қоғамы Standard & Poor’s агенттігінен B1 және Moody’s BB- рейтингімен жеке несиелендіру көлемі бойынша ірі банк, бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастырушы J.P. Morgan және ВТБ Капитал бірлескен ұйымдастырушыларды, сондай-ақ жергілікті ұйымдастырушы "RESMI" Инвестициялық қаржы Үйіне 2013 жылдың 14 қазанынан бастап басты инвесторлармен кездесу ұйымдатыруға өкілеттік берді. Бұл кездесулердің нәтижесінде S/ 144А Ережесіне сәйкес "Kaspi Bank" АҚ қамтамасыз етілмеген, нарық жағдайына қатысты АҚШ долларына номинацияланбаған халықаралық облигацияларды орналастыру болуы мүмкін. FCA/ICMA сәйкес тұрақтылық қолданылады. Қазақстан Республикасындағы әлеуетті инвесторлармен кездесу 2013 жылдың 17 қазанында сағат 11:30-да Алматы қ, Наурызбай батыр көшесі 154А, 7-қабат, конференц зал. Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі» АҚ өкілдеріне хабарласуға болады: Аманат Искаков, Трейдинг департаменті директоры, тел. 8 (727) 266 70 77, ішкі 308, факс 8 (727) 266 74 00, e-mail: Amanat.Iskakov@resmi.kz Ботабаева Айгерим, Инвестициялық банкинг департаментінің директоры, тел. 8 (727) 266 71 77, ішкі 323, факс 8 (727) 266 74 00, e-mail: Aygerim.Butabayeva@resmi.kz ... цитата соңы Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1203277 мекен-жайында танысуға болады. [2013-10-17]