ҚҰБ ҚҚК "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2) облигацияларын 2012 жылдың 30 желтоқсанынан 2013 жылдың 29 маусымына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

12.10.13 12:33
/KASE, 12.10.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 01 қазанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2012 жылдың 30 желтоқсанынан 2013 жылдың 29 маусымына дейінгі кезеңде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы үшінші шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 29 маусымындағы жағдай бойынша аталған облигациялардың 600 000 данасы орналастырылмаған. Аталған облигациялар (KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге, 29.06.11 – 29.06.14; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2013-10-12]