"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Қазақстан) "Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ қатысуы туралы хабарлады

09.10.13 16:55
/KASE, 09.10.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) биржаға (KASE) төмендегі мазмұнда ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - 2013 жылдың мамыр айынан бастап "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруға уәкілетті аймақтық ұйым ретінде қатысады. Аталған бағыттың мақсаты – ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Республика бойынша Қор тарапынан ағымдағы жылы ауыл кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам 5 мыңға жуық шағын несие берілді. Бағдарлама бойынша шағын несиелерді жартылай жұмыспен қамтылған, жұмыссыз, өзін өз жұмыспен қамтитын, төмен қамтамасыз етілген мектеп түлектері, еңбекке жарамдылығын сақтаған мүгедектер, балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар санынан Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады. Несиелер сауда саласындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұлғайту, айналым капиталын арттыруға беріледі. Бір адамға ең жоғары қарыз сомасы - 3 млн.теңге, сыйақы үстемесі - жылына 6% (тиімді үстеме - 6,7%), несиелеу мерзімі - 54 айдан аспайды. цитата соңы Аталмыш ақпараттың толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мекен- жайында танысуға болады: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_091013.pdf; - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_091013_kz.pdf. [2013-10-09]