"Альфа-Банк" АҚ Еншілес Банкі өзінің 2012 жылдағы өз қызметінің нәтижелері туралы хабарлады
02.05.13 17:36
/KASE, 02.05.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып
табылатын, "Альфа-Банк" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 17 сәуірінде
ұсынған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады:
"Альфа-Банк" Банктік тобына кіретін "Альфа-Банк" ЕБ АҚ, өзінің
2012 жылдағы қызметі туралы қаржылық есеп берушіліктің халықаралық
стандарттары (ҚЕХС) негізінде әзірленген нәтижелері туралы хабарлайды.
...
2012 жылы "Альфа-Банк" ЕБ АҚ активтері 32% ұлғайып, 98,8 млрд теңгеден
131 млрд теңгеге жетті. Есептік жылдағы меншікті капиталы 58% өсіп,
20,2 млрд теңгеге жетті.
2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ссудалық қоржын 72% өсіп,
48,8 млрд теңгеден 83,9 млрд теңгеге жетті. "Альфа-Банк" пассивтерінің
құрылымында клиенттердің қаржылары 38%-ға өсіп, 2012 жылдың соңында
91,7 млрд теңгеге жетті (2011 жылдың соңында 66,6 млрд теңге).
2013 жылдың басында Standard & Poor’s еһагенттігі банктің рейтингін ұлттық
шкала бойынша kzВВВ деңгейінде растады.
...
"Альфа-Банк" ЕБ АҚ қаржылық нәтижелері қаржылық есеп берушіліктің
халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді, аудитін
PricewaterhouseCooper компаниясы жүргізді.
[2013-05-02]