"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Қазақстан) "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамының шағын несиелерді игеру нәтижелері туралы хабарлады

13.09.13 18:55
/KASE, 13.09.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), бүгін биржаға жолдаған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Нармұхан Сарыбаев Ақмола облысында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының екінші бағыты бойынша берілген шағын несиелерді игеру барысымен танысты. Қор 2013 жылдың мамыр айынан бастап "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруға уәкілетті аймақтық ұйым ретінде қатысады. Аталған бағыттың мақсаты – ауыл кәсіпкерлігін қолдау болып табылады. Мақсатты топ - жартылай жұмыспен қамтылған, жұмыссыз, өз өзін жұмыспен қамтитын, төмен қамтамасыз етілген мектеп түлектері, еңбекке жарамдылығын сақтаған мүгедектер, балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар санынан Қазақстан Республикасының азаматтары. Несиелер сауда саласындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұлғайту, айналым капиталын арттыруға беріледі. Бір адамға ең жоғары қарыз сомасы - 3 млн.теңге, сыйақы үстемесі - жылына 6% (тиімді үстеме - 6,7%), несиелеу мерзімі - 54 айдан аспайды. цитата соңы Осы баспасөз-мәлімдеменің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_130913_kz.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_130913.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-09-13]