ҚҰБ ҚҚК "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZP01Y05E368 (KZ2C00001907, AZHKb1) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

13.09.13 14:48
/KASE, 13.09.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 03 қыркүйегіндегі ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ KZP01Y05E368 (KZ2C00001907, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AZHKb1; 1 000 теңге, 10 830,0 млн теңге, 27.12.12 – 27.12.17; жылдық 7,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескертпе хатына сәйкес аталмыш облигациялардың 2013 жылдың 27 маусымына 10 810 952 данасы орналастырылған. Аталмыш облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есеп берушілік KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/AZHK/azhk_razmb1_030913_kz.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/AZHK/azhk_razmb1_030913.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. [2013-09-13]