JUPITER ENERGY LIMITED (Австралия) AU000000JPR6 (AU_JPRL) жай акциялары12 қыркүйектен бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

12.09.13 12:55
/KASE, 12.09.13/ – Бұрын хабарланғандай Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 29 тамызындағы шешімімен JUPITER ENERGY LIMITED (Батыс Перт) AU000000JPR6 жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2013 жылдың 12 қыркүйегінен бастап, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының шартарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. JUPITER ENERGY LIMITED қаржылық кеңесшісі "VISOR Capital" АҚ (ВИЗОР Капитал) (Алматы) болып табылады. JUPITER ENERGY LIMITED тіркеушісі Computershare Investor Services Pty Limited (Перт, Австралия) болып табылады. JUPITER ENERGY LIMITED төлеу агенті ASX Settlement and Transfer Corporation (Сидней, Австралия) болып табылады. Аталмыш акцияларға AU_JPRL қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/au_jprl. мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-09-12]