"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Қазақстан) мақта өндіруші шаруашылығымен айналысатындарды несиелендіруге 650,0 млн теңге бөлетіндігі туралы хабарлады

27.08.13 14:36
/KASE, 26.08.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) биржаға (KASE) биржаға 2013 жылдың 27 тамызында баспасөз хабарламасын ұсынды, онда төмендегі жағдай хабарланған: цитата басы Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы шит мақта өсіретін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қарыжыландыруға 650 млн. теңге қарастырылған. «Егінжай» несие бағдарлама аясында қаржы көктемгі-дала және күзгі жиын-терін жұмыстарына бағытталуда. Ақпан айында Қор «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамынан мақта өсіруімен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін микроқаржы (шағын несие) ұйымдары арқылы несиелендіруге заем тартқан болатын. Наурызда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен «Ырыс» шағын несие ұйымы (Шымкент, ОҚО) арасында несиелеу туралы келісім шарт жасалынды. Қорға ШНҰ-нан 650,0 млн. теңгеге 1 133 қарыз алушының өтініші түсті. Бүгінгі таңда 488,5 млн. теңгеге 714 өтініш қаржыландырылды. Қор тарапынан берілген несиелік қаржыға оңтүстікқазақстандық мақташылар 12,7 мың гектар жерге мақта екті. цитата соңы Аталмыш баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_270813_kz.pdf; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_270813.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2013-08-27]