"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Қазақстан) егін жинау науқанын қаржыландыруға 2013 жылы 17 млрд теңге бөлетіндігі туралы хабарлады

26.08.13 13:00
/KASE, 26.08.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) биржаға (KASE) биржаға 2013 жылдың 23 тамызында баспасөз хабарламасын ұсынды, онда төмендегі жағдай хабарланған: цитата басы «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі 2013 жылы астық жинау науқанын қаржыландыруға жалпы 17 млрд.теңге бөлуді жоспарлауда. Қазақстанның негізгі астық егу аймақтарындағы шаруалар мен агроқұрылымдарды қолдау түрлі ауылшаруашылық техникасы мен несиелік ресурстарды ұсыну түрінде жүзеге асырылады. Қаржыландырудың жалпы сомасының 13 млрд.теңгеден астамы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздері болып табылады. Бүгінгі күні Ұлттық Холдинг құрамындағы лизинг компаниясы қазақстандық өндірушілер мен жабдықтаушыларымен, сондай-ақ жақын және алыс шетел серіктестерімен техниканы жеткізу туралы келісім шарттарын жасады. Осыған орай, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на келіп түскен қаржыландыру өтінімдерінен 300 бірлік техника өз иелерін тапты немесе жақын арада табады. «ҚазАгро» құрамындағы басқа компания - Аграрлық несие корпорациясы жоспарланған 3,9 млрд.теңгенің 2,8 млрд.-қа жуығын астық жинау жұмыстарын жүргізуге бағыттады. Шаруаларды қаржыландыру тікелей несиелендіру немесе несие серіктестері арқылы іске асырылады. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры еліміздің оңтүстік мақта жинау жұмыстарын, сонымен қатар «Егінжай» бағдарламасын қаржыландыруға 500 млн.теңге бөлуді көздеп отыр. Еске салайық, ағымдағы жылдың басында егін егу науқанын қаржыландыру аясында «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі 69,5 млрд.астам теңге инестициялады. Көктемгі дала жұмыстары барысында Холдингтің еншілес компаниялары 5,7 млн. га егін жерін өңдеу мен егуге мүмкіндік берген, барлығы ауылшаруашылық өндіріс кешені субъектілерінің 3 630 өтінімін қаржыландырды. «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді. цитата соңы [2013-08-26]