"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) ҰСН KZP01D05E368 (KZ2C00001907, AZHKb1) облигацияларының ҰСН өзгерді

23.08.13 17:05
/KASE, 23.08.13/ – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2013 жылдың 09 тамызында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы) берген бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі негізінде Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімі негізінде, және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) 2013 жылдың 23 тамызындағы ресми хаты негізінде сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ KZP01D05E368 (KZ2C00001907, KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AZHKb1; 1 000 теңге, 10 830 млн теңге; 27.12.12 – 27.12.17, жарты жылдық купон, жылдық 7,00 %, 30/360) облигацияларының ұлттық сәйкестендіру туралы номері KZP01Y05E368 номеріне өзгертілді. [2013-08-23]