"ШалкияЦинк ЛТД" АҚ (Қазақстан) KZ1C59400016 (KZ1C00000967, SHZN) жай акциялары 12 тамыздан бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

12.08.13 18:26
/KASE, 12.08.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 31 шілдедегі шешімімен "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ KZ1C59400016 (ISIN – KZ1C00000967) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 12 тамызынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш жай акциялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады Caspian Services, Inc қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға SHZN қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/shzn мекен-жайы бойынша жарияланды. [2013-08-12]