"ШалкияЦинк ЛТД" АҚ (Қазақстан) KZ1C59400016 (KZ1C00000967, SHZN) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

31.07.13 17:56
/KASE, 31.07.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ KZ1C59400016 (ISIN – KZ1C00000967) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы 2013 жылдың 26 сәуіріндегі куәлігіне сәйкес KZ1C59400016 ұлттық сәйкестендіру номері берілген "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ жарияланған акцияларының шығарылымы 417 610 000 жай акцияларға бөлінген. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5940 номерімен енгізілген. "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ жарияланған акцияларын шығару 500 000 000 жай акцияны құрайды, бір акцияның номиналдық құны – 0,001 долларын құрайды. "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған (сауда коды) SHZN берілді. "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ негізгі қызметі - минералдық шикізаттарды өндіру және өңдеу, металл және минералдық шикізаттарды өндіру, гальваникалық элементтер үшін цинк өндіру болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-07-31]