"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

29.07.13 16:32
/KASE, 29.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі –компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған акцияларының (тек 74 227 371 жай акциясы) жалпы саны 74 227 371 дана; - компанияның 72 976 371 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) болып табылады. [2013-07-29]