KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдігі) 2013 жылдың екінші тоқсанына және бірінші жартыжылдығына өндірістік есебін жариялады

25.07.13 17:54
/KASE, 17.07.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) биржаға (KASE), 2013 жылдың 25 шілдедегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Меншікті шикізаттан өндірілген катодты мыс мөлшері 2012 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 7 пайызға, яғни 144 мың тоннаға дейін өсті. Бұл жоспарлы жылдық көрсеткішке сәйкес келеді. Кен құрамындағы металлдың тұрақты көрсеткіші, кен өндіру мен өңдеу процесінің үздіксіз жүргізілуі мыс өндірісіне оң әсер етті. Іліспе өнімдерді өндіру де жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Концентраттағы мырыш өндірісі 63 мың тонна деңгейінде. Ауқымды кен көлемін өңдеудің және айырып алу коэффициентінің жоғары болуының арқасында 7,1 млн. унция күміс өндірілді. Алтын өндірісінің жалпы көлемі 51 мың унцияны құрады. Есепті кезең ішінде Екібастұз ГРЭС-1 электрстанциясы өндірген таза өнім мөлшері 6 589 ГВтсағ-қа жетті. Бұл ішкі нарықтағы сұраныстың төмендегенін көрсетеді. Өткізілген электрқуатының орташа сараланған тарифі кВтсағ-на 6,42 теңгеге дейін өсті. цитата соңы - Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_250713_kz.pdf; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_250713.pdf; ағылшын тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_250713_en.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2013-07-25]