"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) биржада 24-нен 31-шілдесіне дейін өзінің KZP03Y10E059 (KZ2C00001964, CSBNb12) облигацияларын орналастыру туралы хабарлады

24.07.13 15:22
/KASE, 24.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы "KASPI BANK" АҚ (одан әрі – Банк) 2013 жылдың 24-нен 31-шілдесіне дейін биржада банктің (CSBNb12, KZP02Y05E059, KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, 100,0 теңге, 10,0 млрд. теңге; 07.02.13 – 07.02.23, 30/360) екінші облигациялық бағдарламасы аясында шығарылған облигацияларын орналастыру бойынша (ашық сауда- саттық әдісімен) сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды. Эмитент сауда-саттық жүйесінде KZP02Y05E051 30 000 000 облигацияны орналастыруды көздейді, (тіркелген облигациялардың жалпы көлемінен 30%) табыстылығы - жылдық 8,5%. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/CSBNb12 мекен-жайында танысуға болады. цитата соңы [2013-07-24]