"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" (Қазақстан) электр станциясын химиялық жолмен су тазарту жобасын жүзеге асырғаны туралы хабарлады

23.07.13 18:33
/KASE, 23.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Болат Нұржанов Атындағы Екібастұз Грэс-1" ЖШС (Екібастұз) биржаға (KASE) 2013 жылдың 23 шілдесінде баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Екібастұз ГРЭС-1 станциясы алғашқылардың бірі болып электрстанцияның химиялық жолмен су тазарту (ХСТ) жүйесін қалпына келтіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба құны 3 млрд. теңгеден асады және ол Екібастұз ГРЭС-1 станциясының кең ауқымды инвестициялық бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Жөндеу жұмыстары 2012 жылдың төртінші тоқсанында басталған, ал жаңа жабдықтарды орнату ісі осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Қалпына келтіру барысында ХСТ жүйесі жаңа мембраналық технологияларға көшеді. Ал бұл өз кезегінде тұзсыздандырылған суды химиялық жолмен даярлау жүйесі жұмысының сенімділігін арттырып ғана қоймай, операциялық шығындарды да төмендетуге мүмкіндік береді. Тазартылған судың сапасы жақсарады, яғни оның кермектілігі мен электр өткізгіштігі кемиді. Қазір тұзсыздандырылған су даярлау жөніндегі цехтың аумағында демонтаждау жұмыстары мен жабдықтардың бөлігін құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса бетон тұғырларды төсеу мен ХСТ жабдықтарын коррозиядан қорғау жұмыстары жүргізілуде. Тұзсыздандырылған судың химиялық жолмен су тазарту жүйесі ионды-алмасу шайырымен 30 жыл бойы, яғни1979 жылдың қараша айыан бері жұмыс істеп келді. Кәсіпорын жаңартылған ХСТ жүйесінің арқасында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін қауіпті, зиянды және қымбат тұратын химиялық реагенттерді пайдаланудан бас тарта алады. «Кәсіпорын қызметінен қоршаған ортаға келетін зиянды әсерді азайту – станцияның бар ұжымы үшін маңызды міндет. Біз аймағымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға, станциядағы жабдықтардың беріктігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялардың пайда болғанына қуаныштымыз», - деп мәлімдеді Екібастұз ГРЭС-1 Бас директоры Рысқан Свамбаев. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласыңыз: Қазақмыс тобы Мақсұт Жапабаев, Корпоративтік байланыстар Алматыдағы департаментінің басшысы Тел: +7727 2440353 "Самрук Энерго" АҚ Орал Қарпышев, Басқарма Төрағасының жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі кеңесшісі Тел: +77 172 553 062 "ЭГРЭС-1" ЖШС Елена Шеина, БАҚ-мен байланыс жасау жөніндегі менеджер Тел: +77 187 298 142 цитата соңы [2013-07-23]