"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіне үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
18.07.13 10:47
/KASE, 18.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің
2013 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C57830016 жай акциялары) жалпы
саны 150 000 000 дана;
- компанияның 143 863 799 акциясы орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері, яғни орналастырылған акцияларының
жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына
иеленген жалғыз тұлға "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ
(Алматы) болып табылады.
[2013-07-18]