"Қазақстан Ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ "Қолжетімді баспана – 2020" бағдарламасы аясында өзінің жарғылық капиталының 14,0 млрд. теңгеге артқаны туралы хабарлады

11.07.13 11:47
/KASE, 11.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы), биржаға (KASE) баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (одан әрі – "ҚИК" ИҰ) жарғылық капиталы 14 014 900 мың теңгеге арты. Ұлғаюмен қатар жеке капитал көлемі 30 339 967 мың теңгені құрайды. Капитализациялау мемлекеттік бюджет есебінен "Жалға алып сатып алатын тұрғын үй" бағыты бойынша "Тұрғын үй – 2020" бағдарламасын іске асыру мақсатында орындалды. Қазақстан Республикасының "2013-2015 жылдардағы республикалық бюджеті туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңымен "ҚИК" ИҰ АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға, "Тұрғын үй – 2020" бағдарламасы аясында тұрғын үйлердің құрылысы мен оларды жалға алуға 2013 жылы 15 млрд. теңге бөлінді. Қалған 985 100 тыс. мың теңге қаражат таяу уақытта бөлінеді. ... Байланыс үшін: Катерина Третьякова "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" ИҰ Жарнама және қоғамдық байланыс басқармасының бастығы 8 (727) 344-12-22 ішкі 141, 8 (777) 263 15 40 цитата соңы [2013-07-11]