"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облигацияларына CFI кодын берді

04.07.13 09:36
/KASE, 04.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) биржаға 2013 жылдың 03 шілдесінде CFI кодтарын (қаржы құралының классификациялық кодын) беру туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ISO 10962 "Бағалы қағаздар және осыларға жататын қаржы құралдары - Қаржы құралының классификациясы (код CFI)" халықаралық стандартына сәйкес "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ: - KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалау бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb2) жай акцияларына CFI DBFUFR; - KZP02Y03D959 (KZ2C00001899, KASE ресми тізімі, "рейтингтік бағалау бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb3) артықшылықты акцияларына CFI DBFUFR коды берілді. [2013-07-04]