"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) биржада 03-нен 31-шілдесіне дейін өзінің KZP02Y05E051 (KZ2C00001626, CSBNb11) облигацияларын орналастыру туралы хабарлады

03.07.13 17:23
/KASE, 03.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы "KASPI BANK" АҚ (одан әрі – Банк) 2013 жылдың 03-нен 31-шілдесіне дейін биржада банктің (CSBNb11, KZP02Y05E051, KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, 100,0 тенге, 10,0 млрд. тенге; 19.07.11 – 19.07.16. 30/360) екінші облигациялық бағдарламасы аясында шығарылған облигацияларын орналастыру бойынша (ашық сауда- саттық әдісімен) сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды. Эмитент сауда-саттық жүйесінде KZP02Y05E051 16 000 000 облигацияны орналастыруды көздейді, табыстылығы - жылдық 8,0%. цитата соңы [2013-07-03]