26 маусымнан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) KZP05Y05E054 (KZ2C00002111, CSBNb14) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

25.06.13 14:58
/KASE, 25.06.13/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2013 жылдың 26 маусымдағы шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZP05Y05E054 (KZ2C00002111, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CSBNb14; 100 тенге, 20,0 млрд тенге; 21.06.13 – 21.06.18; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2013 жылдың 21 маусымынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/csbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-06-25]