ҚҰБ ҚҚК "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2) облигацияларын 2012 жылдың 23 маусымынан 2012 жылдың 29 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

21.06.13 14:21
/KASE, 21.06.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 22 мамырдағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2012 жылдың 29 маусымынан 2012 жылдың 29 желтоқсанына дейінгі кезеңде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы үшінші шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 29 желтоқсандағы жағдай бойынша аталған облигациялардың 600 000 данасы орналастырылмаған. Аталған облигациялар KZP01Y03D951 (KZ2C00001352, AGKKb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 29.06.11 – 29.06.14; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2013-06-21]