KZP05Y05E054 (KZ2C00002111, CSBNb14) "Kaspi Bank" АҚ облигациялары 21 маусымнан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

21.06.13 11:12
/KASE, 21.06.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 23 мамырдағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Kaspi Bank" АҚ KZP05Y05E054 (KZ2C00002111; 100 теңге; 20,0 млрд теңге; 21.06.13 – 21.06.18; жартыжылдық купон, жылдық 87,00 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2 тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 21 маусымынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ қаржылық кеңесшісі Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) CSBNb14 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/nrbn мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-06-21]