"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "ЗАҢГАР" Қазақ Республикалық Сауда Үйі" АҚ бағалы қағаздарына CFI кодтарын берді

19.06.13 11:51
/KASE, 19.06.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЗАҢГАР" Қазақ Республикалық Сауда Үйі" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 14 маусымында CFI кодтарын (қаржы құралының классификациялық кодын) беру туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ISO 10962 "Бағалы қағаздар және осыларға жататын қаржы құралдары - Қаржы құралының классификациясы (код CFI)" халықаралық стандартына сәйкес "ЗАҢГАР" Қазақ Республикалық Сауда Үйі" АҚ: - KZ1C02220016 (KZ000A1CTM83, KASE ресми тізімі, үшінші санат, ZNGR) жай акцияларына CFI ESVUFR; - KZ1P02220211 (KZ000A1CTM91, KASE ресми тізімі, үшінші санат, ZNGRp) артықшылықты акцияларына CFI EPNXFR коды берілді. [2013-06-19]