KAZAKHMYS PLС Компаниясы EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC,Біріккен Корольдігі) акцияларын сату жөніндегі ұсыныстың ұзартылуы туралы хабарлады

04.06.13 11:38
/KASE, 04.06.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) биржаға (KASE), 2013 жылдың 04 маусымындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Kazakhmys PLC Директорлар кеңесі (әрі қарай «Директорлар кеңесі») ENRC компаниясы 3 маусым күні жария еткен, акцияларын сату бойынша ұсыныс жасау мерзімі 21 күнге ұзартылғандығынан хабардар болды. Директорлар кеңесі Консорциум мүшелерінің сауалына жауап ретінде қабылданған бұл шешімді құптайды. Аталмыш шешім қосымша талқылау үшін қажетті уақытты қамтамасыз етеді және Консорциумға Қазақмыспен бірге ENRC компаниясының акционерлері және Тәуелсіз комитетіне ресми ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Директорлар кеңесі ресми ұсыныс жасалған жағдайда Kazakhmys PLC барлық акционерлерінің мүддесін барынша ескере отырып шешім қабылдайды. Қабылданған кез-келген шешім акционерлер тарапынан мақұлдануы тиіс. Kazakhmys PLC компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы Саймон Хил былай деп мәлімдеді: «ENRC-ң Тәуелсіз комитеті Консорциумға қосымша уақыт бергенін атап өткім келеді. ENRC корпорациясының қазіргі уақыттағы қиыншылықтарын ескерсек, бұл күрделі жағдай. Ұсыныс жасалған жағдайда, Kazakhmys PLC Директорлар кеңесі барлық маңызды жайттарды назарға ала отырып, алдағы уақытта да өзінің барлық акционерлерінің мүддесінде әрекет ететін болады». Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласыңыз: Казахмыс Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар департаментінің Лондондағы басшысы Тел: +44 20 7901 7882 Мария Бабкина Корпоративтік байланыстар департаментінің Лондондағы басшысының орынбасары Тел: +44 20 7901 7849 Айрин Бэртон Лондондағы Қаржы талдаушысы Тел: +44 20 7901 7814 Максут Жапабаев Корпоративтік байланыстар департаментінің Алматыдағы басшысы Тел: +77 27 2440 353 College Hill Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7457 2031 Анка Спиридон Тел: +44 20 7457 2842 Hill & KnowltonГонконг Казахсмыс КВЛэм тел: +852 2894 6321 цитата соңы [2013-06-04]