Еуразиялық даму банкі "Газтехлизинг" ААҚ Ресейде газ толтыратын автожанармай стансалары желілерін құру бойынша жобаларды қаржыландыру аясында бірінші несие траншын ұсынды

14.05.13 15:59
/KASE, 14.05.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі (KASE) Қазақстан қор биржасына KASE 2013 жылдың 14 мамырында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Еуразиялық даму банкі (ЕАБР) "Газтехлизинг" ААҚ (ГТЛ) Ресей Федерациясының аумағында автокөліктерді газбен толтыратын компрессорлық стансалар (АГНКС) мен көп отынды АЗС (МАЗС) құру және дамыту бойынша 160 млн. рубль көлемінде алғашқы несие траншын ұсынды. Жоба "Газпром" ААҚ кешенді бағдарламасы аясында табиғи газбен жұмыс істейтін газ заправкаларын және техникалық парктерді дамыту бойынша іске асырылады. Мақсаты - арзан әрі экологиялық қауіпсіз отын түрін пайдалануды кеңейту болып табылады. Жобаны жүзеге асыру кезінде дамыту тиімділігі артырылады. Ресей аумағында газ тасымалдау желілерін дамыту есебінен жоба көліктік инфрақұрылымды дамытуға оң әсерін тигізеді. Бұл жобаны іске асыру арнайы жабдықтар шығаруға және оларға қызмет көрсетуге арналған машина құрылысы мен сервистік сегментті дамытуға әсерін тигізбек. Сондай-ақ бензинге қарағанда экологиялық отынды пайдалану еліміздегі экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді. ЕАБР баспасөз байланысы: Юлия Остроухова, +77019912843, Михаил Мзареулов, +7 9032446025 pressa@eabr.org цитата соңы [2013-05-14]