/ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ/ "АТФБанк" АҚ еншілес ұйымы –"АТФ Финанс" АҚ "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Қазақстан) халықаралық облигацияларын жоспарлы түрде орналастыруы туралы хабарлайды

13.05.13 17:52
/KASE, 13.05.12, соңғы абзац қосылды/ – АТФБанк" АҚ еншілес ұйымы – "АТФ Финанс" АҚ "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Алматы), " халықаралық облигациялар шығарылымының андеррайтері болып табылатын "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) бүгін биржаға KASE төмендегі мазмұндағы ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Reg S/144А ережелеріне сәйкес еврооблигациялардың алғашқы шығарылымын орналастыруды жоспарлап отырғаны туралы хабарлайды. 19 сәуірде "КазАгро" Директорлар кеңесі еврооблигациялардың шығарылым бағдарламасын 2 млрд. долл. Көлемінде, 15 жылға дейінгі мерзімге жоспарлап отыр. Бірінші шығарылым аясында 1 млрд. долларға дейін орналастыру көзделуде. Қағаздарды орналстырудан алынған қаражат 2013-2014 жылдары астық нарығын тұрақтандыру сияқты инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға, агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қолдау көрсетуге жұмсалатын болады. Жетекші менеджерлер ретінде HSBC Bank Plc және J.P. Morgan Chase Bank, қазақстандық андеррайтер "АТФ Финанс" Ақ болып табылады. Халықаралық S&P и Fitch Ratings рейтинг агенттіктері жоспарланған облигация эмиссияларына шет елдік валютамен "BВВ+" и "BВВ" деңгейінде алдын ала ұзақ мерзімді рейтингке ие болды. Болжам – "тұрақты". "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты компанияның инвестициялық активтерін тиімді пайдалана отырып, іске асырады. Холдинг құрамына "Азық-түлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ, "КазАгроПродукт" АҚ, "КазАгроФинанс" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" АҚ, "КазАгроГарант" АҚ және "КазАгроМаркетинг" Ақ кіреді. Эмитенттің презентациясымен http://www.netroadshow.com сілтемесі бойынша таныса аласыздар. Пароль: KazAgro2013 цитата соңы [2013-05-13]