KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корльдік) 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы өз қызметінің нәтижелері туралы хабаралады

25.04.13 15:33
/KASE, 25.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) 2013 жылдың 25 сәуірінде биржаға ұсынған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс Тобының 2013 жылдың алғашқы үш айындағы өндірістік нәтижелері негізгі өнім түрлері бойынша да, ілеспе өнім түрлері бойынша да осы жылға белгіленген жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес келіп отыр. Кен өндіру мен өңдеу жұмысының үзіліссіз жүруінің арқасында катодты мыс өндірісі 73 мың тоннаны құрады. Өндірілген кен құрамындағы күміс мөлшерінің болжамдық көрсеткіштен артық болуы және де аяқталмаған ірі өндіріс көлемдерінің өңделуі 3,4 млн. унция түйіршіктелген күміс өңдеп шығаруға мүмкіндік берді. Алтын өндірісі 24 мың унцияны, ал концентраттағы мырыш өндірісі 32 мың тоннаны құрады. Топтың негізгі энергетикалық кәсіпорны – Екібастұз ГРЭС-1 станциясы өндіріп шығарған электр қуатының таза көлемі - 3 681 ГВтсағ құрады. Ішінара жылы ауа-райына байланысты ішкі нарықта электр энергиясына деген сұраныстың төмендеуіне орай, бұл көрсеткіш 2012 жылдың бірінші тоқсанында өндіріліп шығарылған таза көлемнен 7 пайызға төмен болып отыр. цитата соңы Осы баспасөз-мәлімдемесінің толқы нұсқасымен KASEвеб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_250413_kz.pdf мекен-жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_250413.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-04-25]