/ҚАЙТАЛАУ/ 23 сәуірде биржада "Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) KZP01Y10E053 (KZ2C00001618, CSBNB10) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

18.04.13 09:47
/KASE, 18.04.13 - 15.04.13 жаңалықты қайталау/ – 2013 жылдың 23 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZP01Y10E053 (KZ2C00001618, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, СSBNb10; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 19.07.11 – 19.07.21, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,60 %, 30/360) субординацияланған облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 28 маусымында тіркеген, жалпы сомасы 100,0 млрд теңге, "Kaspi Bank" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясындағы бірінші шығарылымы болып табылады, және аталмыш эмитенттің биржаға листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының оныншы шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы ретінде "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі 11 000 000 KZP01Y10E053 облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 11 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – CSBNb10. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 15:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/CSBN/csbnf9b10_2011.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-04-18]