"Коммеск - Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) сақтандыру төлемдері бойынша 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы өз қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

17.04.13 16:09
/KASE, 22.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Коммеск - Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 22 сәуірінде жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: 2013 жылдың бірінші тоқсанында "Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясы" АҚ 4 412 сақтандыру жағдайы бойынша 258 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемдерін алды. Ең елеулі төлемдер автокөлік иелерінен міндетті АҚЖ сақтандыруы бойынша – 446 төлемінің сомасы 110 млн теңгені құрады, өсімі – 12%, АвтоКАСКО – 350 төлемінің сомасы 45 млн теңгеден астам, сырқаттану жағдайын сақтандыру бойынша – 3510 төлемнің сомасы 49 млн теңгеден астам, жұмысшының ҚО сақтандыру бойынша – 85 төлемнің сомасы 49 млн. теңгеден астам болды. Ағымдағы жылдың бар-жоғы үш айында, Алматы, Астане, Өскемен, Қостанай, Атырау, Қарағанды, Атбасар қалаларында, әрқайсысы 1 млн. теңгеден астам, 31 ірі төлем жасалды, олардың жалпы сомасы 45 млн теңгені құрады. Осы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMSO/kmso_reliz_220413.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-04-22]