KASE шет ел валюталары нарығы бойынша комитеттің төрағасы Аюпов Талғат Жолдасбекұлы сайланды

10.04.13 16:17
/KASE, 10.04.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) шет ел валюталары нарығы бойынша комитеттің 2013 жылдың 05 сәуірдегі шешімімен Комитеттің төрағасы "Қазақстан халықтық жинақ банкі" АҚ сауда операциялары қазынашылығы басқармасының бастығы Аюпов Талғат Жолдасбекұлы сайланды. "Kaspi Bank" АҚ қазынашылық департаментінің директоры Романенко Игорь Алексеевич ол болмаған жағдайда Комитете төрағасын алмастырушы тұлға ретінде сайланды. KASE Шет ел валюталары нарығы бойынша комитеттің биржаның құрылымдық емес бөлімшесі болып табылатындығын ескертеді, негізгі мақсаты валюталық нарық мүшелерінің төлем қабілетсіздігі жағдайын анықтайтын, қажет болған жағдайда оларды жедел режимнен сатылатын және/немесе сатып алынатын шет ел валюталарын алдын ала жеткізу режиміне ауыстыру туралы шешім қабылдайтын орган. Сведения о составе Комитета по рынку иностранных валют опубликованы на веб-сайте KASE по адресу http://www.kase.kz/ru/authorities Шет ел валюталары нарығы бойынша комитет туралы ереже KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/currency_com.pdf мекен- жайында орналсқан. KASE 2013 жылдың 28 наурыздағы " KASE Биржалық кеңесі валюталық нарық мүшелерінің өкілдері болып табылатын комитет мүшелерін бекітті" деген жаңалығымен http://www.kase.kz/news/show/1187686 мекен-жайында танысуға болады. [2013-04-10]