29 наурыз күні биржада өткен "Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) KZP01Y10E053 (KZ2C00001618, CSBNb10) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады

29.03.13 16:53
/KASE, 29.03.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZP01Y10E053 (KZ2C000016186, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, СSBNb10; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 19.07.11 – 19.07.21, жартыжылдық купон, жылдық 6,60 %; 30/360) облигацияларын кері сатып алу бойынша арнанайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қарама қарсы өтінімдер болмағандықтан, жүзеге аспады деп жарияланды. [2013-03-2]