"CS Development LLP" (Си Эс Девелопмент ЛЛП") АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y08D761 (KZ2P00000995, CSDVb1) облигациялары бойынша 5-ші купонын төлемегені туралы хабарлады

29.03.13 15:54
/KASE, 29.03.13/ – "CS Development LLP" (Си Эс Девелопмент ЛЛП") АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында өзінің KZ2P0Y08D761 (KZ2P00000995, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CSDVb1; 1 000 теңге, 60,0 млрд теңге; 27.09.10 – 27.09.18, жылдық 8,00 % жарты жылдық; 30/360) облигациялары бойынша бесінші купондық сыйақысын, аталмыш облигацияларды айналыста жоқ болуына байланысты, төлемегені туралы хабарлады. [2013-03-29]