KASE Биржалық кеңесі валюталық нарық мүшелерінің өкілдері болып табылатын, шет ел валютасы нарығы комитетінің мүшелерін бекітті

28.03.13 13:50
/KASE, 28.03.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2013 жылдың 27 наурыздағы шешімімен KASE валюталық нарығы мүшелерінің өкілі болып табылатын шетел валютасы комитетінің мүшелерінің уәкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты, 2013 жылдың 01 сәуірінен бастап KASE валюталық нарығы мүшелерінің шетел валютасы нарығы бойынша комитеті мүшелерінің келесі құрамы бекітілді: 1) Аюпов Талғат Жолдасбекұлы, "Қазақстанның халықтық жинақ банкі" АҚ Қазынашылық сауда операциялары басқармасының бастығы, ол болмаған жағдайда – Жүкенов Серік Дәкенұлы, "Қазақстанның халықтық жинақ банкі" АҚ Қазынашылық директоры; 2) Бабаев Ариф Шавердиевич, "RBS (Kazakhstan)" Еншілес банкі АҚ Басқармасының Төрағасының орынбасары, ол болмаған жағдайда – Әлімқұлов Сәкен Әуезұлы, "RBS (Kazakhstan)" Еншілес банкі АҚ Қазынашылық департаментінің дилері; 3) Байтелиев Нұртелі Тұлтайұлы, "Еуразиялық банк" АҚ Қазынашылық департаментінің банкаралық операциялар басқармасының бастығы - директордың орынбасары, ол болмаған жағдайда – Қалиаскқаров Рүстем Нұрматұлы, "Еуразиялық банк" АҚ қазынашылық департаментінің директоры - басқарушы директор; 4) Қазиев Асқар Рүстемұлы, "Банк ЦентрКредит" АҚ Қазынашылық департаментінің банкаралық операциялары бөлімінің бастығы; 5) Романенко Игорь Алексеевич, АО "Kaspi Bank" Қазынашылық департаментінің директоры; 6) Халамханов Дахир Азретович, "Казкоммерцбанк" АҚ қазынашылық департаментінің шет елдік валютамен және бағалы металдармен операциялар басқармасының бастығы, ол болмаған жағдайда – Михайлов Евгений Борисович, "Казкоммерцбанк" АҚ қазынашылық департаментінің бастығы. Шет елдік валюталар нарығы комитеті туралы ережеге сәйкес оның құрамына келесі адамдар кіреді: - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің өкілі; - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің өкілі; - KASE өкілі, Есептік палатаға басшылық ететін Басқарма мүшесі; - Валюталық нарық мүшелерінің алты өкілі, оның шініде валюталық нарықтың бір мүшесінен артық ұсынылмайды. Шет елдік валюталар нарығы комитеті KASE құрылымынан тыс орган екендігін ескертеді, оның негізгі міндеті валюталық нарық мүшелерінің төлем қабілеттілігін анықтау, қажет болған жағдайда оларды жедел режимнен шет елдік валютаны сатып алынатын және/немесе сатылатын алдын ала жеткізу режиміне ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Шет елдік валюталар нарығы комитеті туралы ереже KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/currency_com.pdf мекен-жайында орналасқан. [2013-03-28]