2013 жылдың 29 наурызында "АТФБанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалып жиналысы болып өтеді

28.03.13 12:27
/KASE, 28.03.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2013 жылдың 29 наурызында сағат 11:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады деп биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - жаңа редакциядағы банк жарғысын бекіту. - банктің директорлар кеңесінің ережесін жаңа редакцияда бекіту. - 2012 жылға банктің таза табысын бөлу тәртібін бекіту; - банк акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімдерді қабылдау; - банк және оның қызметкерлерінің қызметіне қатысты акционерлердің шағымдары туралы мәселені қарастыру және оларды қарастыру қорытындылары; - Басқарма мүшелері мен банк Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшері туралы банк акционерлерін хабардар ету; - 2012 қаржы жылы ішіндегі банктің Директорлар кеңесінің қызметі туралы есепті бекіту; - банк Директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің сыйақы мөлшерін анықтау - банк Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау; - банк Директорлар кеңесі мүшелерінің сандық құрамын анықтау; - банк Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау; - банк Директорлар кеңесінің уәкілеттік мерзімін анықтау; Аталмыш жиналыс Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 100б мекен-жайы бойынша өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 10:45-те басталады. Кворум болмаған жағдайда банк акционерлерінің жиналысы қайтадан 2013 жылдың 15 сәуірінде өтеді. Акционерлер күн тәртібіндегі мәселе материалдарымен 2013 жылдың 19 - 29 сәуір аралығындағы жұмыс уақытында, Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 100б мекен-жайында тел.: (727) 258 30 00 (1926 , 1672 ішкі тел) танысуға болады. [2013-03-28]