2013 жылдың 29 наурызында "ОРда кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болады

18.03.13 17:11
/KASE, 18.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), 2013 жылдың 29 наурызында сағат 11:00-де компания қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - компания Басқармасының 2012 жылдағы шығындар мен кірістердің сметасын орындауы туралы есебі; - 2012 жылға жылдық қаржылық есепберушілікті бекіту және компанияның таза табысын бөлу; Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден бастап жүргізіледі. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 30 наурызда сағат 10:00-де жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Қатысушыларға аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша танысуына болады. [2013-03-18]