/ТҮЗЕТІЛДІ/ 27 наурызда биржада "Еуразиялық банкі" АҚ (Қазақстан) KZP01Y15D252 (KZ2C00001212, EUBNb8) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

15.03.13 12:05
/KASE, 15.03.13 - 13.03.13 жарияланған орналастыру көлемінің артуына байланысты қайта таратылды/ – 2013 жылдың 27 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде "Еуразиялық банкі" АҚ (Алматы) KZP01Y15D252 (KZ2C00001212, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, EUBNb8; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 15.10.08 – 15.10.23, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон жылдық 5,70 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта "Евразийский Капитал" АҚ (Алматы) уәкілетті сатып алушы ретінде қатысады. Орналастырудың жарияланған көлемі 30 000 000 KZP01Y15D252 облигация (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 13,3 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін, Debts_List_ST1 (Rated_ST1 тобы) секторында өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда- саттықтағы коды – EUBNb8. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күнінің ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 16:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сату алудың өтінімін қанағаттандыру тәсілі – өтінімдердің кесімді бағаға тең бағалары бойынша немесе сатушы үшін пайдалырақ баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/EUBNb3 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-03-15]