"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Commerzbank AG несиесі туралы келісімшарты бойынша қарызды өтеуі туралы хабарлады

27.02.13 12:10
/KASE, 27.02.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Корпорация), биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні жариялады: цитата басы Корпорация 2013 жылдың 25 қаңтарында Коммерцбанк АҚ 10 млн. АҚШ долларын және 2013 жылдың 25 ақпанында 6 млн.АҚШ долларын негізгі қарыз сомасын төледі. Сонымен, Корпорация 2008 жылы 136 млн. АҚШ доллары көлемінде тартылған Коммерцбанк АГ (Commerzbank AG) ішкі қарызын толық өтеді. цитата соңы [2013-02-27]