"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясы" ЖШС (Қазақстан) № 8 энергоблогында бірінші миллиард киловатт сағат қуатын өндіріп шығарғаны туралы хабарлады

26.02.13 16:09
/KASE, 26.02.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1 станциясы" ЖШС (Екібастұз), биржаға 2013 жылдың 26 ақпанында жолдаған баспасөз мәлімедемесінде былай деп хабарлады: цитата басы 2012 жылдың шілде айында іске қосылған қуаттылығы 500 МВт болатын №8 энергоблок 1 миллиард киловатт сағат электр энергиясын өндіріп шығарды. Қазіргі уақытта энергоблок қалыпты пайдалану режимінде жұмыс істеп тұр. Қалпына келтірілген энергоблок станцияның өндірістік көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік берді. Станция 2012 жылы 15 млрд. киловатт сағат электр энергиясын өндіріп шығарған болатын. Бұл көрсеткіш бұрынғысына қарағанда 13,15 пайызға артық. №8 энергоблокты жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімнен жарты жыл бұрын аяқталғанын атап өткен жөн. Жобаның құны 23 млрд теңгеден асты. Қалпына келтіру жұмыстары аясында қазандық және турбина жабдықтары қалпына келтіріледі, электр жабдықтары мен автоматты бақылағыш заманауи құрылғылар орнатылады, сондай-ақ "Альстом Пауэр Ставан" ЖАҚ жасап шығарған электр сүзгілер іске қосылады. Электр сүзгісін орнату арқасында шығарынды күл-тозаңның мөлшері 400 мг/нм3 дейін азайды, ал бұл қолданыстағы әрі нормативтік көрсеткіштерден төмен деңгей. Сонымен қатар, энергоблоктың іске қосылуына байланысты станцияда 25 жаңа жұмыс орны ашылды. Осылай Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жұмыс істемей тұрған үш блокты қалпына келтіруді, жұмыс істеп тұрған бес энергоблокты және жалпыстанциялық жабдықтарды капиталдық жөндеуді және модернизациялауды, сондай-ақ электр сүзгілерін кезең-кезеңмен орнату жолымен қоршаған ортаға келтірілетін әсерді мейлінше азайтуды қарастыратын, бірнеше кезеңінен тұратын инвестициялық бағдарлама сәтті іске асырылып жатыр. Жобалық қуаттылықты модернизациялау және қалпына келтіру кестесі 2016 жылға дейін жоспарланып жазылған. Бағдарламаның жалпы құны 280 млрд.теңгеден асады. "Біз 17 жыл бойы жұмыс істемей тұрған №8 энергоблокты қалпына келтірдік және де ол бүгінгі күні тұрақты өндірістік және экономикалық көрсеткіштерді көрсетіп отырғанын мақтанышпен айта аламыз. Бұл бізге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын әрі жаңа өндірістік нысандарын электр энергиясымен қамтамасыз ету саласындағы тапсырмалары сәтті іске асырылып келе жатқандығын нық сеніммен айтуға мүмкіндік береді", - деді "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС ОЭК Бас директоры Николай Коробовский. цитата соңы [2013-02-26]