"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) Zhaikmunai LP 2012 жылға арналған қаржылық қызметінің алдын ала нәтижелерін жариялады

21.02.13 16:34
/KASE, 21.02.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2013 жылдың 20 ақпанында ақпараттық хабарлама ұсынды, онда мынандай мәліметтер берілген: начало цитаты "Жайықмұнай" компаниясы (ЛҚБ тикері: ZKM) Қазақстанның солтүстік- батысында кен орындарында мұнай мен газды барлау және өндірумен айналысатын кәсіпорын, 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі компанияның жұмыс қорытындысын шығарды. Қазақстан Республикасындағы белгілі заң талаптарына сәйкес бұл мәлімет аудиторлар тексерген бірлескен есептерінің алдын алып отыр, оны шығару 2013 жылдың 18 наурызына жоспарланған. Осы мәліметтегі ақпаратты аудиторлар әлі тексермеген, болашақта қайта қарауға жатады. "Жайықмұнай" компаниясының 2012 жылға арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы "Жайықмұнай" компаниясы аудиторлар әлі тексермеген 2012 жылға арналған қаржылық алдын ала көрсеткіштерін жариялайды. Орташа тәуліктік өндіру 36940 барр. Жылына барлық табысын қосқанда 700 миллион АҚШ долларынан артық, ал жылдық EBITDA 400 миллион АҚШ долларынан асады деп күтілуде. Жайықмұнайдың 2012 жылға арналған жұмыс қорытындысы есебін шығару Zhaikmunai L.P. бір жылдағы аудиторлар тексерген бірлескен есептерін шығаруды 2013 жылдың 18 наурызына жоспарлап отыр. Жайықмұнайдың басқару командасы шығарылымнан кейін сарапшылар мен инвесторлардың сұрақтарына жауап беруге дайын болады. Телеконференцияға қатысуға тіркелу үшін мәліметтер шығарылған күнге дейін ұсынылады. Қосымша ақпарат www.zhaikmunai.com сайтында Zhaikmunai LP – Инвесторлармен байланыс Бруно Меер (Bruno Meere), Кирсти Гамильтон-Смит (Kirsty Hamilton-Smith) investor_relations@zhaikmunai.com + 44 (0) 1624 68 21 79 Pelham Bell Pottinger Филипп Деннис (Philip Dennis) Elena Dobson + 44 (0) 207 861 32 32 [2013-02-21]